Азия чемпионатының алғашқы алтынын Татьяна Нерознак еншіледі
298

Азия чемпионатының алғашқы алтынын Татьяна Нерознак еншіледі

Иран астанасы Тегеран қаласында басталған жабық кешендегі Азия чемпионатынан алғашқы алтынды әйелдер арасында 3000 метрге жүгірген Татьяна Нерознак жеңіп алды.

Қостанай облысының спортшысы 3 шақырымға жүгіруден қарсылас шыдатқан жоқ. ТІпті жапониялық танымал атлет Чикако Мори, Азия ойындарының күміс жүлдегері Садживани  Джадхав (Үндістан), көрші қырғыз спортшысы Гүлшана Сатараова да бәсекелес бола алмады.

Сөйтіп, Татьяна Нерознак спорттық карьерасында алғаш рет жабық кешендегі Азия чемпионатында жеңіске жетті. Ол бұған дейін 2014 және 2016 жылдары 800 метрге жүгіруден қола жүлде алған еді.

Жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты. 1 ақпан. Иран, Тегеран. 3000 метрге жүгіру, әйелдер:

1.     Татьяна Нерознак (Қазақстан) – 9.33,65 мин.

2.     Гулшана Сатарова (Қырғыстан) – 9.48,03 мин.

3.     Тхи Оан Нгуен (Вьетнам) – 9.48,48 мин.

Тізімге қайта оралу