Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

9

Күн
Джакарта, Индонезия
  Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Иванов жарысты бесінші орынмен аяқтады
153

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Иванов жарысты бесінші орынмен аяқтады

Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші күнінде ерлер арасында ядро серпуден қазақстандық Иван Иванов бесінші орынға тұрақтады.

2 ақпан күні ерлер арасында ядро серпуден өткен сайысқа 13 қатысушы өнер көрсетті. Қазақстан намысын Иван Иванов қорғады. Жарыс алдында Иванов басты фавориттердің бірі болған еді. Алайда Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Күзде Португалияда жаттығып келген Алматы облысының спортшысы қаңтар айында Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде сәтті өнер көрсеткен болатын. Ол кезде 19 метрден асырған еді. Иранда Иванов 18.31 метрмен шектелді. Егер Қазақстан кубогындағы 19.81 метрді қайталағанда бас жүлде 25 жастағы қазақстандық атлеттікі болушы еді.спортшының көсіліп өнер көрсетуіне жарақты әсер еткендей. Белінен алған жарақты әлі толық жазылмапты.

Бас жүлде ирандық Али Самаридың еншісінде. Үндістаннан келген Тажиндер Пал Синг екінші орында болса, үздік үштікті қытайлық Ву Чжисян қорытындылады.

Жабық кешендегі Азия чемпионаты. Иран, Тегеран. 2 ақпан. Ядро серпу, ерлер:

1.      Али Самари (Иран) – 19,42 м

2.      Тажиндер Пал Сингх (Үндістан) – 19,18 м

3.      Ву Чжисян (Қытай) – 18,81 м

5. Иван Иванов (Қазақстан) – 18,31 м

 

Тізімге қайта оралу