Қазақстан чемпионаты: Тосқауылдар арқылы жүгірудің үздігі – Земс пен Шыназбекова
196

Қазақстан чемпионаты: Тосқауылдар арқылы жүгірудің үздігі – Земс пен Шыназбекова

Өскеменде өткен жабық кешендегі Қазақстан чемпионатында 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден Әйгерім Шыназбекова мен Вячеслав Земс қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.

Земс пен Шыназбекова бұған дейін Қазақстан кубогында да жеңіске жеткен. Аталған спортшылар алдағы ақпан айының басында Тегерандағы Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.

16 қаңтар күні бұл сайыс түрінде ешқандай тосынсый болған жоқ. Ерлерден қарағандылық Вячеслав Земс сенімді түрде жеңіске жетті. Бірақ спортшы көрсеткен нәтижесіне көңілі толмайды. Уақыты Қазақстан кубогынан да төмен болып шықты.

Ал Әйгерім Шыназбекова 8,38 секундта жүгіріп өтті. Спортшы алдағы уақытта 8,30-ға дейін нәтижесін жақсартқысы келеді. екінші орынды Керекуден келген Роксана Оспанова еншілесе, үздік үштікте Орынгүл Зкрениова бар.

16 қаңтар. Өскемен. Қазақстан чемпионаты.

60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, ерлер:

1. Вячеслав Земс (Қарағанды облысы) – 8.13;

2. Артем Саблин (Оңтүстік Қазақстан облысы) – 8.29 ;

3. Владислав Кондратьев (Оңтүстік Қазақстан облысы) – 8.45.

60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, әйелдер:

1. Әйгерім Шыназбекова (Алматы) – 8.38;

2. Роксана Оспанова (Павлодар облысы) – 8.84;

3. Орынгүл Зкриенова (Шығыс Қазақстан облысы) – 8.97

Тізімге қайта оралу