XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

5

Күн
Алматы

«Целиноград» командасының жетекшісі ШЫҰ марафонында 42 шақырымға жүгіреді

25.08.2017

Бек Төлеуов  
222
	 «Целиноград» командасының жетекшісі ШЫҰ марафонында 42 шақырымға жүгіреді

Астана қалалық біріншілігінде өнер көрсетіп жүрген елордалық «Целиноград» клубы 27 тамызда Астанада өтетін халықаралық марафон қатысады.

Команда жетекшісі Александр Черников халықаралық Шанхай ынтымақтастық ұйымының марафонында әріптестерімен бірге жүгіреді.

– Мен өз алдыма үлкен мақсат қойып отырмын. 27 тамызда классикалық 42 шақырым 195 метрлік марафонға жүгіремін. Мүмкіндікке қарай, жоғары нәтижелер көрсетуге тырысамын, – дейді А. Черников.

Марафон додасы үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы  классикалық марафон – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар. 

– «Целиноград» командасы ШЫҰ марафонының ұйымдастырушыларымен әріптестік байланыс орнатты. 27 тамызда бұл команданың барлық мүшесі жүгіретін болады. Бұл өзгелерге үлкен стимул болары анық. Футболшылар тек жасыл алаңда доп теуіп ғана қоймай, марафонға да қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесі қосуы өскелең ұрпақ үлгі болары анық, – дейді ШЫҰ марафонын ұйымдастыру комитетінің мүшесі Мақпал Зинашева.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. 

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

Тізімге қайта оралу