«Vesti.kz» оқырмандары Рыпакованы жылдың үздік спортшыларының қатарына қосты

«Vesti.kz» оқырмандары Рыпакованы жылдың үздік спортшыларының қатарына қосты

Еліміздегі танымал спорт сайттарының бірі – «Vesti.kz» жылдың үздік спортшыларын анықтау үшін оқырмандары арасында сауалнама жүргізген.

Аталған спорттық портал «Жылдың үздік ер спортшысын» және «Жылдың үздік әйел спортшысын» бөлек анықтады. Ерлер арасында дауыс берушілердің 39 пайызын жинаған Геннадий Головкин үздік болып танылды. Екінші орында хоккейші Найджел Доус (29 %) болса, үздік үштікті боксшы Қайрат Ералиев қорытындылады (8%).

Жалпы саны 15 үміткер болған. Жоғарыда аталған үштіктен бөлек, Дмитрий Шомко, Жанат Жақиянов, Али Ахмедов, Алексей Луценко, Михаил Кукушкин, Мейрамбек Айнағұлов, АқжүрекТаңатаров, Қайрат Сарымсақов, Дмитрий Рейхард, Пирмаммад Алиев, Данил Мұсабаев, Альберт Линдер және Милад Карими бар.

Әйелдерден оқырмандар шахматшы Динара Сәдуақасоваға көбірек дауыс берген. Екінші орында жеңіл атлет Ольга Рыпакова болса, үшінші орынға теннисші Зарина Дияс орналасты.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова 2017 жылы әлем чемпионатында қола жүлдеге болса, «Гауһар лиганың» финалдық кезеңінде топ жарды. Сондай-ақ жабық кешендегі Азия ойындарында екі алтын медаль жеңіп алған болатын. Жақында ҚР Жеңіл атлетика федерациясы Ольга Рыпакованы «Жылдың үздік атлеті» деп таныды.

Тізімге қайта оралу