«Жыл жаңалығы-2017»: Мария Овчинникова екінші орында

«Жыл жаңалығы-2017»: Мария Овчинникова екінші орында

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті «Хабар» агенттігімен бірлесіп, «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауын ұйымдастырған болатын. 28 қараша күні түнде онлайн дауыс беру аяқталды.

Үміткерлер арасында Қазақстан жеңіл атлетикасы федерациясы да болды. Біздің федерация «Олимпиадалық спорт түрі бойынша үздік федерация» номинациясында сынға түсті. Сондай-ақ «Жыл жаңалығы» және «Жылдың үздік жас спортшысы» бойынша үш қарғып секіруден Азия чемпионы Мария Овчинникова үздік төрттіктің қатарына енді.Ал Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» номинациясында бақ сынаған болатын.

Ұзақ уақыт «Жыл жаңалығы» номинациясында 19 жастағы теміртаулық Мария Овчинникова көшбастап тұрған болатын. Тек соңғы сәтте ғана садақ атудан ерлер құрамасы озып кетті. Садақ атушылар 1233, Овчинникова 1188 дауыс жинады.

 

Сонымен дауыс берудің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мыналар:

Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы:

1.     Алексей Луценко (велоспорт) – 21 506,

 …5. Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) – 2 656

Олимпиадалық спорт түрі бойынша үздік федерация:

1. Қазақстан триатлон федерациясы –7696

...5. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы – 703

Жылдың үздік жас спортшысы:

1. Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау) – 4 076

 …4. Мария Овчинникова (жеңіл атлетика) – 938

Жыл жаңалығы:

1. Садақ атудан ерлер құрамасы –1233

2. Мария Овчинникова (жеңіл атлетика) – 1188.

Тізімге қайта оралу