10 шақырымдық марафон туралы толық ақпарат

25.08.2017

Бек Төлеуов  
258
10 шақырымдық марафон туралы толық ақпарат

27 тамызда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық марафоны өтеді.

Марафон үш қашықтық бойынша өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша ең 2 мыңға осы қашықтық бойынша тіркелген.

10 шақырымға жүгіретіндердің маршрурты

 Қабанбай батыр даңғылы, Ұлы Дала көшесі, Мәңгілік ел даңғылы, Сығанақ көшесі, Сарыкөл көшесі, Ахмет Байтұрсынов көшесі, Рахымжан Қошқарбаев даңғылы, Мағжан Жұмабаев көшесі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, Абылайхан даңғылы, Мағжан Жұмабаев даңғылы, Рахымжан Қошқарбаев даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Сарайық көшесі, Дінмұхамед Қонаев көшесі, Достық көшесі, Мәңгілік ел даңғылы, Ұлы Дала көшесі, Қабанбай батыр даңғылы – мәре.

Қандай жүлде тігіледі?

10 шақырымға жүгіргендер (ерлер) арасында бас жүлдеге – теледидар, екінші орынға – шаңсорғыш, үшішнші орынға –  қысқатолқынды пеш тігіліп отыр. Әйелдерде бұл қашықтықтың жеңімпазына «Life Fitness» клубына – жылдық сертификат, екінші орынға – жартыжылдық сертификат, үшінші орынға – үшайлық сертификат беріледі.

Тіркеуден өткен қатысушыларға 25,26,27 тамыз күндері бастапқы пакеттер таратылады. Оны алу үшін халықаралық EXPO көрмесінің MEGA SILK WAY сауда орыны жағындағы автотұрағына келу қажет.

Еске сала кетсек, алдағы жексенбі күні Астанада халықаралық ШЫҰ марафоны өтеді. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Тізімге қайта оралу