200 метрге жүгіруден Зябкина мен Григорьевке қарсылас табылмады Фото Константин Князевич
106

200 метрге жүгіруден Зябкина мен Григорьевке қарсылас табылмады

Қазақстан чемпионатының екінші күнінде 200 метрге жүгіруден Виктория Зябкина мен Владислав Григорьев аса қиналмай жеңіске жетті.

Зябкина мұның алдында 100 метрге жүгірген жоқ еді. Сондықтан Ольга Сафронова топ жарған. Ал 200 метрге жүгіру кезінде Виктория Зябкина мәреге 23.18 секундта жетті. Екінші орын негізінен орта қашыққа жүгіруге бейімделген Любовь Никитенконың тағы бір шәкірті Элина Михннаға бұйырды. Үштікті Ольга Сафронова қорытындылады.

24 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. 200 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.Виктория Зябкина (Алматы) – 23.18 сек.

2.Элина Михина (ШҚО – 23.62 сек.

3.Ольга Сафронова (Павлодар обл.) – 23.84 сек.

Ерлерден қарағандылық Владислав Григорьевтің бағы жанды. Ол екінші орындағы Сергей Русактан 0.70 секундқа озып кетті. Қола жүлде Руслан Никитиннің еншісінде.

24 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. 200 метрге жүгіру.

Ерлер:

1.Владислав Григорьев (Қарағанды обл.) – 20.97 сек.

2.Сергей Русак (Павлодар обл.) – 21.67 сек.

3.Руслан Никитин (Алматы) – 22.34 сек.

Тізімге қайта оралу