24 наурызда жартылай марафоннан әлем чемпионаты өтеді
194

24 наурызда жартылай марафоннан әлем чемпионаты өтеді

Ертең Испанияның Валенсия қаласында жартылай марафоннан әлем чемпионаты өтеді.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) өзінің ресми сайтында осымен 23-ші рет ұйымдастырылып отырған әлем чемпионатының қатысатындардың тізімін жариялады. Валенсияда Қазақстан намысын 9 атлет қорғайды.

Жалпы тізімде 315 атлет бар ( 176 ер, 139 әйел). Олар 87 мемлекеттің атынан қатысады. Бүгін Валенсияда ұйымдастыру комитетінің техникалық отырысы өтеді.

Бұған дейінгі әлем чемпионаттарында 300-ден астам кәсіби марафоншы қатысып көрмеген. 1993 жылы Брюссельде 254 желаяқ жүгіргені белгілі. Оның үстіне Бельгияда 35-і жастар арасында сынға түскен. Валенсия жерінде мықтылар жекелей және командалық сайыс бойынша сынға түседі.

Қазақстан атынан қатысатындардың қатарында Әмір Байтоқанов, Алесей Гусаров, Артем Косинов, Михаил Красилов, Андрей Лейменов, Дана Айдосова, Жанна Мамажанова, Елена Наназиашвили, Гүлжанат Жанатбек өнер көрсетеді.

Тізімге қайта оралу