3 қарашада «ALTAY athletics» кәсіби клубының тұсаукесері өтеді
Бек Төлеуов  

3 қарашада «ALTAY athletics» кәсіби клубының тұсаукесері өтеді

Шығыс Қазақстан облысында еліміздегі жеңіл атлетикадан алғашқы кәсіби клуб құрылды. Оның атауы – «ALTAY athletics» деп аталады.

3 қараша күні облыс орталығы Өскемен қаласында алғашқы ресми таныстырылымы өтеді. Сол кезде клубтың барлық жоспары, мақсаты, қалай жұмыс істейтіні толық айтылатын болады. Клуб ҚР Жеңіл атлетка федерациясының ұсынысымен ШҚО әкімдігінің қолдауымен құрылып отыр.

Қазіргі кезде клуб құрамына 3 қазақстандық спортшы мүше болды. Олар: Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова және болашағынан үлкен үміт күттіретін жас атлеттер Варвара Назарова мен Артур Гафнер. Сондай-ақ Кениядан 4 спортшы шақырылды. Атап айтсақ, 17 жастағы стайер яғни ұзақ қашықтыққа жүігертін Шэдрак Кимутаи Коич, оның тәжірибелі отандастары Каролин Чипкоич Кипкируи, Тануи Нора Джируто,Дэйзи Джипкемей бар.

Жаңадан құрылып жатқан клубтың бас менеджері болып Швейцария азаматы Гвидо Тоньони тағайындалды. FIFA секілді халықаралық ұйымдарда, әр түрлі спорттық клубтарда қызмет атқарған. Ал атқарушы директор қызметі қазақстандық Асхат Сейсембековке жүктелді.

Асхат Рашидұлы – «Тобыл» клубында өнер көрсеткен. Кейіннен ҚР Спорт және денешықтыру агенттігі төрағасының кеңесшісі болды. Жалпы алғанда тәжірибелі спорт функционері.

Жеңіл атлетикадан әлемде мұндай клубтар бар. Оның ішінде ең атақтысы – «Цюрих». Швейцария клубының 94 жылдық тәжірибесі бар. Тіпті, клуб бүгінгі таңда жақсы пайда тауып отыр.  Бұл клубтың спорттық киімдер мен атрибутка сататын дүкені, өзінің журналы бар. «ALTAY athletics» та «Цюрих» секілді табысты жоба болады деп үміттенеміз.

Тізімге қайта оралу