400 метрге жүгіруде әзірге Қазақстанда Литвинге бәсекелес жоқ Фото – Константин Князевич
107

400 метрге жүгіруде әзірге Қазақстанда Литвинге бәсекелес жоқ

Алматыда Қазақстан кубогының финалдық кезеңі аяқталды. Ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Қазақстан рекордының иегері Михаил Литвин топ жарды.

Қазақстан кубогының алғашқы күнінде күннің аптап ыстығы жүгірушілерге әжептәуір кедергі келтірді. Соған қарамастан жүлделі үш орынға іліккен спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Мәреге бірінші болып, Михаил Литвин келді. Солтүстік Қазақстан облысы атлетінің уақыт көрсеткіші –- 46.49 секунд. Екінші орын алған Түркістан облысының спортшысы Эльнор Мухитдиновтің нәтижесі көпшілік үшін «сенсация» болды. Қола жүлде Андрей Соколовқа бұйырды.

9 шілде.Қазақстан кубогының финалы. 400 метрге жүгіру.

Ерлер:

1.Михаил Литвин (СҚО) – 46.49;

2. Эльнор Мухитдинов (Түркістан обл.) – 47.75;

3. Андрей Соколов (ШҚО) – 47.80.

Ал 800 метрге жүгіруден алғашқы үштікке Қостанай облысының спортшылары ілікті. Оның ішінде Константин Шибицкий аталған қашықтықты 2 минутқа жеткізбей, жүгіріп өтті.

10 шілде. Қазақстан кубогының финалы. 800 метрге жүгіру.

Ерлер:

1.Константин Шибицкий (Қостанай обл.) – 1:57.5 мин.

2.Олег Панкевич (Қостанай обл.) – 2:02.1 мин.

3.Александр Савгуров (Қостанай обл.) – 2:02.6 мин.

1500 метрге жүгіруден алматылық Алексей Гусаров алдына жан салмады. Оған ешкім бәсекелес бола алған жоқ. Гусаров екінші орындағы спортшыдан 10 секундқа озып кетті.

9 шілде. Қазақстан кубогының финалы. 800 метрге жүгіру.

Ерлер:

1.Алексей Гусаров (Алматы) – 3:51.17

2.Константин Шибитский (Қостанай обл.) – 4:03.00

3. Олег Панкевич (Қостанай обл.) – 4:08.00.

Тізімге қайта оралу