XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

9

Күн
Алматы

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден төртінші орынды қанағат тұттық

09.07.2017

249
 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден төртінші орынды қанағат тұттық

Үндістан Бхубанешвар қаласында өтіп жатқан XXII Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде қазақсандық атлеттер 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден төртінші келді.

Құрлық біріншілігінің ерлер және әйелдер арасындағы 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден қазақстандық қос атлет төртінші орын алды. Жүлделі орынға ілігуге сынық сүйем жетпей қалды.

Әйелдерден Қазақстан намысын Мерджен Ишангулиева мен Аделина Ахметова қорғады. Тәжірибелі Ишангулиева финалда алдыға ұзап шыққандардың қатарында болған еді, бірақ мәреге төртінші болып келді. Уақыт көрсеткіші – 58,51 секунд.

Бұл сында вьетнамдық  Нгуен Тхи (56,14 с) чемпион атанды. Екінші орын жергілікті спортшы Ану Эрға (57,22 с) бұйырса, қоланы жапониялық Саяку Аоки (58,18 с) еншіледі. Аделина Ахметова сегізінші орынды қанағат тұтты.

Ерлерден финалда тек Дмитрий Коблов (50,30 с) жүгірді.Оған қола жүлдеге иелік етуге 0,08 секунд жетпей қалды.Алтын медаль филиппиндік Эрик Крэйдің (49,57 с) қанжығасында кетті. Екінші орынға Қытайдың Тайбэйінен келген Чи Чэня тұрақтаса (49,75 с), қоланы үндістандық Джабир Мар алды.

Азия чемпионаты. Бхубанешвар, Үндістан.

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, ерлер:

1.Эрик Шон Крэй (Филиппин) – 49,57 сек.

2.Чэнь Чи (Қытай Тайбэйі) – 49,75 сек.

3.Джабир Мар (Үндістан) – 50,22 сек.

4.Дмитрий Коблов (Қазақстан) – 50,30 сек.

Азия чемпионаты. Бхубанешвар, Үндістан.

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, әйелдер:

1.    Нгуен Тхи (Вьетнам) – 56,14 сек.

2.    Ану Эр (Үндістан) – 57,22 сек.

3.    Саяка Аоки (Жапония) – 58,18 сек.

4.    Мерджен Ишангулиева (Қазақстан) – 58,51 сек.

…8. Аделина Ахметова (Қазақстан) – 1.01,60 мин

Тізімге қайта оралу