6 мамырда «Atyrau Marathon 2017» өтеді

30.04.2017

Бек Төлеуов  
155
6 мамырда «Atyrau Marathon 2017» өтеді 6 мамырда «Atyrau Marathon 2017» өтеді

6 мамыр күні мұнайлы өлке Атырау қаласында алғаш рет «Atyrau Marathon 2017» жаппай жүгіру марафоны өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша марафонға қатысушылар екі қашықтық бойынша қатысады. Әуесқойлар 10 шақырымға бақтарын сынаса, кәсіпқой спортшылар 21 шақырымға (жартылай марафон) жүгіреді. Қаланың орталық көшелеріндегі автокөлік қозғалысы шамамен үш сағатқа шектелетін болады екен.

Марафонның бағыты мынадай:

10 шақырым жүгірушілер: Әуежай – Сәтпаев даңғылы – орталық көпір – сол жақ жағалауға шығу – «Мұнайшы» спорт кешені.

21 шақырым жүгірушілер: Мұнайшы» (артқы қақпа) – Шәріпов көшесі – «Шалқыма» дүкенінің жанынан Азаттық даңғылына шығу – орталық көпір – Сәтпаев даңғылы – әуежай – әрі қарай 10 шақырымдық бірінші маршрут қайталанады.

Жүгіруді жалғастыра алмағандарды арнайы автобус мінгізіп алады. Маршруттарда 4 жедел жәрдем бригадасы кезекшілікте болады. Үш нүктеде су беру ұйымдастырылады: Исатай мен Махамбет алаңында, әуежайда және «Мұнайшы» стадионының мәресінде.

Қорытынды 37 жастан төмен және жоғары жастағы ерлер мен әйелдер арасында жүргізіледі. Марафон аяқталған соң, Қазақстан эстрадасының өкілдері «Қайрат Нұртас пен Маржан Арапбаева Мұнайшы» стадионында өнер көрсетеді.

Марафонға 16 жастан асқан, дәрігерлердің рұқсаты бар, тіркеуден өтіп, қатысу нөмірін алған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Бек Төлеуов

Тізімге қайта оралу