800 метрге жүгіруге тек жасөспірімдер қатысты Фото – Константин Князевич

800 метрге жүгіруге тек жасөспірімдер қатысты

Қазақстан кубогының финалдық кезеңінде әйелдер арасында 800 метрге жүгіруден ұлттық құраманың көшбасшылары қатысқан жоқ.

Жалпы, жарыс жолына тек 18-19 жастағы үш спортшы шықты. Олар:Екатерина Парамонова, Светлана Саунина және Екатерина Грицай. Алғашқы екеуі Жапонияның Гифу қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысқан. Саунина негізінен 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруге бейімделген атлет.

Төрешінің белгісінен кейін бірден Екатерина тізгінді өз қолына алды. Светлана одан қалыспауға тырысса, Грицай мұндай қарқынға ілесе алмады. Сөйтіп, үшеуі үш орынды өзара бөлісіп алды.

Жеңіске жеткен Парамонованың уақыт көрсеткіші –  2:17:31 минут. Негізі оның жеке рекорды –2:13. Спортшы өз нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты.

10 шілде. Қазақстан кубогының финалдық кезеңі . Алматы. Үш қарғып секіру.

Әйелдер:

1.Екатерина Парамонова (Қарағанды обл.) – 2:17.31;

2.Светлана Саунина (Қызылорда обл.) – 2:20.31;

3.Екатерина Грицай (Қостанай обл.) – 2:25.04.

Тізімге қайта оралу