Екі атлет әлем чемпионатының нормативін орындады

28.09.2017

425
Екі атлет әлем чемпионатының нормативін орындады ФОТО - Данияр Майлыбаев

Ашхабадтағы Азия ойындарында екі қазақстандық жеңіл атлет келесі жылы өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатының нормативінің орындады.

Әлем чемпионаты 2018 жылы Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтеді. Осымен 17-ші рет ұйымдастырылатын дүниежүзілік жарыс 2018 жылдың 1-4 наурыз аралығында өтеді деп жоспарланған. IAAF талабы бойынша жарысқа қатысу үшін 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 19 ақпан аралығындағы турнирлерде белгінген нормативті орындау керек.

Бүгінгі таңда Ольга Рыпакова мен Михаил Литвин жолдама алып үлгерді. Үш қарғып секіруден әйелдер арасында норматив – 14,30 метр. Рыпакова бұл маусымда 14, 77 метрге дейін секірген болатын. Ал Литвин Ашхабадта 400 метрге жүгіріп, қола жүлдені жеңіп алғанда мәреге 46, 51 секундта жеткен еді. Әлем чемпионатының нормативі – 46, 70 секунд.

Осылайша, екі атлет Бирмингемдегі әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Әзірге Рыпакова бұл жарысқа қатысатынын немесе қатыспайтынын әзірге анықтамағанын айтты.

Айта кетейік, Бирмингемде 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Тізімге қайта оралу