Тегерандағы Азия чемпионатында әйелдердің сайысын ерлердің тамашалауына рұқсат етілмеген
182

Тегерандағы Азия чемпионатында әйелдердің сайысын ерлердің тамашалауына рұқсат етілмеген

Ақпан айының алғашқы күнінде жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді. Бұл құрлық біріншілігіне қатысуға Қазақстан құрамасы да келіп жетті.

Азияның Оңтүстік батысында орналасқан мемлекетте бірнеше күннен бері ақ ұлпа қар өте көп жауған. Оның әсері көшедегі көлік қозғалысына әсер етіп жатыр. Жергілікті халық табиғаттың аяқ астынан осылай өзгере салғанына дайын болмай шығыпты. Қысқы дөңгелек көшпегедіктен көшелерде жол апаттары көбейген.

Еліміздің жеңіл атлеттері Иран астанасы Тегеранға кеше Алматы-Стамбұл бағыты бойынша ұшып келді.

Құрама сапында 25 спортшы бар. Олардың барлығы қаңтар айында Өскеменде өткен үш жарысқа қатысқан атлеттер. Арасында бұған дейінгі жабық кешендегі Азия чемпионатында жүлделі алып жүрген спортшылар да жетерлік.

Азия чемпионаты Тегерандағы «Афтаб Энгелаб» спорт кешенінде өтеді. Бұл жарыстың бір ерекшілігі, қыздар арасындағы сайыс кезінде манежде ер адам болмауы тиіс. Аталған ереже тек спортшыларға ғана емес, төреші, техникалық қызметкерлер, бапкерлерге де қатысты.

Сондықтан таңертеннен түске дейін қыздар, күннің екінші жартысында ерлер жарыс жолына шығады. Ал аруларымыз ерлер арасындағы бәскені көрермен ретінде тамашалай алады. Бірақ Иран Ислам Республикасының нормасына сәйкес, міндетті түрде орамал тағып жабық киініп баруы тиіс. әйелдердің жарысын көруге мүлдем рұқсат жоқ.

Иран астанасындағы жабық кешендегі Азия чемпионатында қыздарымыз 13 сайыстың 11-інде өнер көрсетеді – 60, 400, 1500, 3000 метрге жүгіру, 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, биіктікке, ұзындыққа, үш қарғып және сырықпен секіру, бессайыс.

Жарыс кезінде қыздарға ұлтық құраманың аға бапкерлері Любовь Никитенко, Татьяна Назарова және Мария Овчинникованың жеке бапкері Лариса Ившина көмектесетін болады.

Тізімге қайта оралу