Алғаш рет Атқару комитетінің отырысы Өскемен қаласында өтеді
203

Алғаш рет Атқару комитетінің отырысы Өскемен қаласында өтеді

Қазақтан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің кезекті отырысы 3 қараша күні Өскемен қаласында өтеді.

Шығыс Қазақстанның орталығындағы отырыста 9 мәселе қарастырылады. Оның ішінде ұйымның 2018 жылғы бюджеті мен атқаратын іс-шаралары талқыланады:

1. Жеңіл атлеткадан халықаралық және республикалық жарыстардың күнтізбесін қарастыру;
2. Федерацияның қаржылық-күнтізбелік жоспарын бекіту;
3. «Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы» ҚҰ-ның бюджетін бекіту;
4.«Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы» ҚҰ-ның тәртіптік регламентін бекіту;     
5.  Жеңіл атлетикадан өтетін жарыстардың регламентін келісу;    
6. Жеңіл атлетикадан ұлттық құраманы жасақтау;
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 1345 қаулысына өзгерту енгізу туралы ұсыныс жасау:
 
8. ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы № 56 бұйрығына өзгері енгізу туралы ұсыныс жасау;
9. Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясы Конференциясының кезектен тыс отырысына шақыру және Конференцияның кезектен тыс отырысының қорытынды күн тәртібін бекіту туралы.
  Атқару комитетінің 1 және 5-тармақтардағы шешімдері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетіне жіберіледі.
  Жеңіл атлетикадан ұлттық құрамаға үміткерлердің тізімі (6-тармақ) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган белгілеген конкурстық комиссияға Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының кандидатураларын қарау үшін ұсынылады.
7 және 8-тармақтар бойынша ұсыныстар тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

   

Тізімге қайта оралу