Астана қаласының Алматы ауданынан марафонға 1000-ға жуық адам қатысады
267

Астана қаласының Алматы ауданынан марафонға 1000-ға жуық адам қатысады

27 тамызда өтетін халықаралық ШЫҰ марафонына Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан бөлек, мемлекеттік қызметшілерде қатысады.

Олардың арасында Астана қаласының Алматы ауданы әкімшілігі де бар. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы порталына берген сұхбатында аудандық әкімдіктің Гүлнұр есімді қызметкері марафонға алғаш рет қатысатынын айтты.

– Мен өзім мұндай ауқымды алғаш рет қатысайын деп отырмын. Көңіл күйім керемет, соңғы  екі апта ішінде тыңғылықты дайындалдым,- дейді марафонға қатысушы Гүлнұр.

Оның айтуынша, Алматы ауданынан 1000-ға жуық адам қатысады деп жоспарлануда.

Еске сала кетсек, алдағы жексенбі күні халықаралық ШЫҰ марафоны өтеді. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Марафон додасы үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы  классикалық марафон – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. 

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

Тізімге қайта оралу