Александр Денисконың шәкірттері
220

Александр Денисконың шәкірттері

Жеңіл атлетикада талантты бапкер жетерлік. Солардың бірі Александр Дениско десек қателеспейтін шығармыз.

КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы талай дарындардың томағасын сыпырған.

 Бүгінде Дениско Алматыда Рүстем Алмағамбетов (100 және 200 метрге жүгіру), Андрей Соколов (400), Ольга Сафронова (100, 200), Рима Кашафутдинова (100, 200), Анастасия Тулапина (100, 200), Александра Романова (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Аделина Ахметова (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Екатерина Парамонова (800), Марина Зайко (400 метрге жүгіру) секілді қыз-жігттерді жаттықтырып жүр.

  Александр Дениско негізінен спринтерлер мен орта қашықтыққа жүгіретіндермен айналысады. Алматылық маман 7-23 желтоқсан аралығында Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика кешенінде оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

 Басты мақсат 1-3 ақпан аралығында Иран астанасы Тегерандағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсету. Сары құрлық біріншілігінде әлем чемпионатының жолдамасы сарапқа салынады.

 

Тізімге қайта оралу