Александр Кощеевті туған күнімен құттықтаймыз
177

Александр Кощеевті туған күнімен құттықтаймыз

Бүгін Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры Александр Кощеевтің туған күні. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы 56 жасқа толды.

Александр Кощеев –1979-1983 жылдар аралығында  Қазақ дене шынықтыру институтын (қазіргі Қазақтың спорт және туризм академиясы) бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Алматы қаласындағы №2 ОРБЖСМ-де сырықпен секіруден балалар бапкері болып бастаған. 

2002-2005 жылдар аралығында жеңіл атлетикадан Алматы қаласының аға бапкері болды.

2005 жылы Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан резервтегі құрамасының аға бапкері болып тағайындалды. 

2005 – 2009 жылдар аралығында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы құрамасының бас бапкері болып қызмет етті. 

2011 – 2013 жылы «Алматы» баскетбол клубының жалпы физикалық дайындығы бойынша жаттықтырушысы. 

2006 жылы XV Жазғы Азия ойындарынан кейін Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды. 

Осы жылдар аралығында 15 спорт шеберін, 3 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін дайындап шығарды. 

1992 жылы жасөспірімдер арасында сырықпен секіруден ТМД чемпионы атанған Серген Ворониннің жаттықтырушысы. 

ХДСШ атанған шәкірттері: 

Елена Резник –2014 жылға дейін сырықпен секіруден Қазақстан рекордсмені болған (4.01 м)

Елена Кощеева – 2002 жылғы Азия чемпионы, 2002 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, үш Олимпиада ойындарына қатысқан, 2004 жылғы Афиның Олимпиадасының финалисі.

Григорий Егоров – 1988 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 1993 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2002 жылғы Азия чемпионы. Григорий Егоровты  2000-2005 жылдар аралығында жаттықтырған. 

Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы атынан Александр Кощеевті туған күнімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз. 

Тізімге қайта оралу