Алматы марафонына 14 мыңнан астам адам қатысты Фото©Tengrinews.kz

Алматы марафонына 14 мыңнан астам адам қатысты

Бүгін Алатау баурайындағы әсем қалада осымен жетінші рет Алматы марафоны өткізілді. Оған 14 мыңнан астам адам қатысты.

Алматыдағы марафонға 38 елден ерікті жүгірушілер келіп қатысты. Олардың арасында кәсіпқой марафоншылармен қатар әуесқойлар да бар.  Биыл Алматы марафоны 6 қашықтық бойынша өткізілді. Толық марафон (42 шақырым 195 метр), жартылай марафон (21 шақырым 97 метр), 3, 10 шақырым, скандинавиялық жүріс, эстафеталық команда бойынша жүлделі орындар анықталды.

«Биылғы жылы үш қайырымдылық шарасын өткіземіз деп жоспарлағанбыз. Бұл – «Мен сенімен біргемін» онкологиялық ауруы бар балаларға арналған алғашқы хоспис. Мұнда ауыр науқасқа шалдыққан балалар медициналық күтімге алынып, туыстарының жанында рухани және психологиялық көмекке қол жеткізеді. Сонымен қатар екі бірдей арнайы (коррекциялық) мекеме, интеллектуалдық кемістіктері бар балаларға арналған мектеп-интернат пен Есік қаласындағы көзі нашар балаларға арналған №6 мектеп-интернат. Алғашқы жиналған жарналық қаржыға спорт алаңдары салынады», - дейді «Алматы марафонның» директоры Салтанат Қазыбаева.

Тізімге қайта оралу