Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

1

Күн
Дунгань, Қытай

Алматыда алғаш рет төрешілерге арналған халықаралық курс өтеді

10.11.2017

57
Алматыда алғаш рет төрешілерге арналған халықаралық курс өтеді

Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы тағы бір бастаманы қолға алып отыр. Алдағы 25-29 желтоқсан аралығында Алматыда төрешілердің біліктілігін арттыруға арналған оқыту курсы өтеді.

Осы салада еңбек етіп жүген мамандар өздерінің біліктіліктерін арттырып, халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығының (IAAF) жаңа ережелерімен танысады.

– IAAF-тың нұсқауымен ұйымдастырылып отырған мұндай курс Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отыр. Жоспар бойынша еліміздің әрбір өңірінен тест тапсырыпғ іріктеліп алынған 20 төрешіні оқытатын боламыз. Оларға халықаралық дәрежедегі төреші, Еуропа жеңіл атлетика қауымдастығының менеджері тәжікстандық Вадим Нигматов пен IAAF-тың ресми лекторы, Алматыдағы спорт мектебінің аға бапкері Анжелика Чухлиб дәріс береді, – дейді ҚР жеңіл атлетика федерациясы ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликов.

Курс аяқталған соң, төрешілер емтихан тапсырып, халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығының сертификатына ие болады.

Александр Кругликовтың айтуынша,  курстың мақсаты алдағы уақытта елімізде халықаралық додаларда төрешілік ететін жоғары деңгейлі арбитрлардың санын көбейту. 

Тізімге қайта оралу