Алматыдағы автохронометражға байланысты оқу-курсына қатысатындардың толық тізімі белгілі болды

Алматыдағы автохронометражға байланысты оқу-курсына қатысатындардың толық тізімі белгілі болды

23-25 шілде күндері Алматыда автохронометрист төрешілерге арналған оқу курсы өтеді. Осы курсқа қатысатын төрешілердің барлығы анықталды.

ҚР жеңіл атлетика Федерациясына қарасты Ғылыми-техникеалық орталық ұйымдастыруымен өтетін курсқа еліміздің 15 төрешісі қатысады. Өскемен, Алматы, Шымкент қалаларының төрешілерін теориялық сабақтармен қатар практика да күтіп тұр. Өйткені дәл сол уақытта ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді. Оқу курсының бағдарламасында фотомәрені жүйелік басқару, тайминг, фальстартты анықтау, желдің жылдамдығын өзгерту, нәтижелерді тіркеу секілді мәселелер де қарастырылады. 

Теориялық сабақ Орталық стадионның баспасөз орталығында өтсе, ал практикалық сабақтар стадионның аренасында болады.

Дәріс оқуға Польшадан Гжегож Липински шақырылып отыр. Ол барлығын толығырақ түсіндіріп беретін болады. Тас жолды өлшеген кезде қандай техникалық қателіктер жібермеу қажеттігін, электрондық аппараттың функицоналдық ерекшеліктерін айтып береді. Липински өзі Еуропа жеңіл атлетика қауымдастығының фотофиниш бойынша халықаралық төрешісі. 30 жылданб ері осы салада қызмет етіп келеді. Бүгінгі күнге дейін 3000-нан астам халықаралық сайыста қазылық еткен.

Енді тыңдаушыларға тоқталсақ. Еліміздің бес аймағынан және Тәжікстаннан бір төреші қатыспақ. Толық тізім мынандай: Мұрат Қожагелдинов, Роман Валиев, Анастасия Мучкина (бәрі де – Павлодар), Денис Мосеев, Сергей Авдеенко, Артем Саблин, Александр Пудовинников, Фарух Сабиржанов (бәрі де – Шымкент), Александр Сенькин, Нұрлан Түсіпов (екеуі де – Қарағанды), Сергей Тулапин, Артем Косинов (екеуі де – Алматы), Дмитрий Семенов, Павел Кукин, Александр Аксютин, Алексей Владимиров (бәрі де – Өскемен), Джамшит Расулов (Тәжікстан).

Тізімге қайта оралу