Алматыда автохронометражға байланысты төрешілерді оқыту курсы өтеді

Алматыда автохронометражға байланысты төрешілерді оқыту курсы өтеді

23-25 шілде күндері Алматыда автохронометрист төрешілерге арналған оқу курсы өтеді.

ҚР жеңіл атлетика Федерациясына қарасты Ғылыми-техникеалық орталық ұйымдастыруымен өтетін курсқа еліміздің 15 төреші қатысады. Өскемен, Алматы, Шымкент қалаларының төрешілерін теориялық сабақтармен қатар практика да күтіп тұр. Өйткені дәл сол уақытта ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді. Оқу курсының бағдарламасында фотомәрені жүйелік басқару, тайминг, фальстартты анықтау, желдің жылдамдығын өзгерту, нәтижелерді тіркеу секілді мәселелер де қарастырылады. 

Теориялық сабақ Орталық стадионның баспасөз орталығында өтсе, ал практикалық сабақтар стадионның аренасында болады.

Дәріс оқуға Польшадан Гжегож Липински шақырылып отыр. Ол барлығын толығырақ түсіндіріп беретін болады. Тас жолды өлшеген кезде қандай техникалық қателіктер жібермеу қажеттігін, электрондық аппараттың функицоналдық ерекшеліктерін айтып береді. 

Тізімге қайта оралу