Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Алматыда жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

29.09.2017

193
Алматыда жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Алматы қаласында 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.

Бұл жарысқа еліміздегі балалар және жасөспірімдерді дайындайтын спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысады. Чемпионат 1 қазан күні аяқталады.

Алатау баурайында 13 облыс пен Астана және Алматы қалаларының командалары келген. Келесі жылы 1999 және 2000 жылдары туған жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Осы біріншілікте көзге түскен таланатты спортшылардың біразы сол додаға қатысады. Одан бөлек жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты бар. Ол 2018 жылдың 10-15 шілде аралығына жоспарланған. Жарысты  Финляндияның Тампер қаласы қабылдайды.

Дегенмен оның алдында мамыр айында Таиландта Азия чемпионаты өтеді. Оған 26 спортшы барады. Қазіргі кезде 20 атлет жолдама алып үлгерген. Ең атақтысы 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері – Лаура Ахметова.

 

 

Тізімге қайта оралу