Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Алматыда әуесқойлар арасында «Метеор» жарысы өтті

06.11.2017

36
 Алматыда әуесқойлар арасында «Метеор» жарысы өтті

Кеше Алматыда алғаш рет классикалық жүгіру сайыстарынан әуесқойлар арасында «Метеор» жобасы өтті.

Әуесқой жүгірушілер Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы бекіткен  кәсіби 800,1500,3000 метрлік қашықтыққа жүгірді. Сондай-ақ 4х200 және аралас яғни «шведтік эстафета» бойынша жарысты.

«Метеор» турнирі Алматы Арена» жеңіл атлетика стадионында ұйымдастырылды. Оған 130 адам қатысты. Күннің суықтығына қарамастан жарыс жоғары деңгейде өтті.

– Мен 3 шақырым және 800 метрлік қашықттықа жүгіріп, екеуінде де бірінші келдім. Жалпы алғанда, өз нәтижеме көңілім толады. Жеңіл атлетиканы жүгіргенді жақсы көремін. Көңіл күйім керемет, ауа райы да ғажап болып тұр. 36 жастамын, алты баланың әкесімін. Бір қуантатыны, жасқа қарамай кез келген адамның жарысуға мүмкіндігі бар. Осындай турнирлерге барлығы қатысып, салауатты өмір салтын насихаттау керек, – дейді жарысқа қатысушы Рауан Әбілханов.

«Метеор» қысқа және орташа қашықтықтарда кәсіби жүгіруден спорттық дайындықты сынауға мүмкіндік береді. Турнирден соң жеңімпаздар медальдармен марапатталса, қалғандарына естелік сыйлық үлестірілді. 

Бүгін әуесқойлар кәсіби қашықты бойынша жарысты. Барлығы да халықаралық талаптар бойынша ұйымдастырылды. Кәсіби төрешілерді шақырдық. Енді бұл доданы жылына үш рет ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Әуесқойлар арасындағы жарыс болғандықтан, барлығы нәтижеге жұмыс істейді. Келесі жарысты жабық маньежде өткізуге мүмкіндік болып жатса қаңтарда өткіземіз, болмаса, сәуір айында осы стадионда кездесетін боламыз», - дейді «Метеор» жобасының координаторы Наталья Попова.

Жарыстың хаттамасын мына жерден толық көруге болады.

Тізімге қайта оралу