«Altay athletics» спортшы Монакодағы «Гауһар лигада» аза тұту белгісін тағып шықты

«Altay athletics» спортшы Монакодағы «Гауһар лигада» аза тұту белгісін тағып шықты

Кеше түнде Монакода «Гауһар лиганың» оныншы кезеңі өтті. Бұл сында «Altay athletics» клубының екі мүшесі қатысты.

Әйелдер арасындағы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден мықтылардың барлығы жиналыпты. Оларға стадионға жиналған жанкүйерлерге нағыз тартысты бәсекені сыйлай алды. Монакода әлемдік рекорд жаңарды. Сондай-ақ бес спортшы өздерінің карьераларындағы үздік көрсеткіштерін тіркеді.

«Гауһар лиганың» бұл кезеңі Монакодағы «II Луи» стадионында өтті. «Altay athletics» клубынан кениялық Нора Джеруто мен Дэйзи Джипкемей өнер көрсетті.

Бұл кеште былтырғы жылы «Гауһар лиганың» финалдық кезеңінде күміс медаль еншілеген кениялық Беатрис Чепкоеч әлемнің жаңа рекордын тіркеді. Уақыт көрсеткіші – 8:44.32 минут. Бұған дейін рекорд Бахрейн спортшысы Рут Джебетке тиесілі болатын (8:52.78). Чепкоеч одан 8 секундқа жылдам жүгірді.

Екінші орын 2017 жылы Лондонда өткен әлем чемпионатында күміс жүлде еншілеген АҚШ спортшысы Кортни Фрерикске бұйырды. Ол мәреге – 9:00.85 минутта жетті. Сөйтіп, Фрерикс Солтүстік Америка құрлығының жаңа рекордын тіркеді. Үшінші орынға 2015 жылғы әлем чемпионы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Хивин Киенг Джепкемой қол жеткізді (9:04.41).

«Altay athletics» спортшылары Джеруто (9:07.20) бесінші орынға, Джипкемей (9:10.71) сегізінші орынға тұрақтады. Соңғы өзінің жеке рекордын жаңартты.

«Гауһар лиганың» биылғы маусымында стипль-чездің іріктеу кезеңі Монакода аяқталып отыр. Енді 31 тамызда Брюсселде өтетін финалға үздік 12 спортшы қатысады. Іріктеуде ең көп ұпайды Киенг Джепкемой (28), Чепкоеч (20), Эмма Кобурн (17), Джеруто (15) жинаған. Олар алғашқы төрт орынды өзара бөлісіп тұр. 11 ұпайы бар Джипкемей жетінші орында.

20 шілде. Монако. «Гауһар лига», 10-кезең. 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру. Әйелдер:

1. Беатрис Чепкоеч (Кения) – 8:44.32 мин. (әлемдік рекорд)

2. Кортни Фрерикс (США) – 9:00.85 мин.

3. Хивин Киенг Джепкемой (Кения) – 9:04.41 мин.

… 5. Нора Джеруто (Кения) – 9:07.20 мин.

… 8. Дэйзи Джипкемей (Кения) – 9:10.71 мин.

Айта кетейік, Нора Джеруто мен Дэйзи Джипкемей Монакода » аза тұту белгісін тағып шықты. Өйткені, бейсенбі күні Алматыда Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен кісі қолынан қаза тапқан болатын.

Тізімге қайта оралу