Андрей Петров: Астана тас жолында марафоннан әлем чемпионатын өткізуге болады
Бек Төлеуов  

Андрей Петров: Астана тас жолында марафоннан әлем чемпионатын өткізуге болады

Астанада өткен ШЫҰ марафонында 42 шақырым 195 метрге жүгіріп, бірінші орын алған өзбекстандық Андрей Петров сайыстан кейін ҚР жеңіл атлетика федерациясының порталына сұхбат берді.

– Бұл марафон осыдан 3 ай бұрын естігенмін. Сондықтан дайындалуға уақытым болды. Қатысқаныма қуаныштымын. Ұйымдастыру жағы өте жоғары деңгейде өтті. Бізге сөреден мәреге дейін барлық жағынан қолдау көрсетті. Қазақстан еліне алғысым шексіз. Мұндай жарыстар салауатты өмір салтын насихаттау үшін өте қажет деп ойлаймын.

– Бүгін 42 шақырымға жүгіргендердің арасында бірнеше кәсіпқой спортшылар болды. Жеңіске жететіне сенімді болдыңыз ба?

– Мен мұнда жеңіс үшін келдім. Ең болмаса үздік үштікке кірсем деген жоспарым болған. Беларусь спортшысы екеуіміз жалпы алғанда бірдей уақытта жеттік. Жолым болып, аздаған секундқа қарсыласымды озып кеттім.

– Марафон жарыстарына қашаннан бері қатысып жүрсіз?

– Мен кәсіби түрде марафонмен 6-7 жыл көлемінде айналысып жүрмін. 2013 жылы Азия чемпионатында екінші орын алдым. 2015 жылы құрлық біріншілігінде 10 шақырым жүгіруден үштікке іліндім. Сондай-ақ Ыстықкөл марафонында жеңіске жеткенмін. Ең ірі жетістіктерім осы.

– IAAF мамандары Астанада жартылай марафоннан әлем чемпионатын өткіузге болатынын айтты. Бүгін біздің тас жол көңіліңізден шықты ма?

– Тас жолдарыңыз өте керемет. Тіпті, толық марафоннан әлем чемпионатын өткізуге болады деп ойлаймын.

Айта кетейік, Петров мәре сызығын 2:18:38,01 сағатта кесіп, ұйымдастырушылар дайындығын 13 мың АҚШ долларына ие болды. 

Тізімге қайта оралу