Антон Боднар Қазақстан кубогының финалдық кезеңінде 2.25 метрге секірді Фото – Константин Князевич
84

Антон Боднар Қазақстан кубогының финалдық кезеңінде 2.25 метрге секірді

Алматыда Қазақстан кубогының финалдық кезеңі аяқталды. Ерлер арасында биітікке секіргендердің ішінде Шымкент қаласының спортшысы Антон Боднар топ жарды.

Биылғы маусым Боднар үшін сәтті басталды. Маусым айында Бішкекте Т.Колпакованың жүлдесіне арналған жарыста және Алматыда Ғ. Қосанов Мемориалында үздік шыққан. Соңғысында 2.22 метрді бағындырған. Қазақстан кубогында одан да жақсы өнер көрсетті.

Жалпы, қазір елімізде Антон Боднар, Юрий Дергачев, Роман Лошкарев үштігі биіктікке секіру сайысының көшбасшылары деп айтуға болады.

Үшеуі де жарысты 2.04, 2.08,2.12 метрге секіруден бастады. Кейіннен Боднар мен Дергачев 2.16 метрді бірінші мүмкіндігінде бағындырса, Лошкарев тек екінші мүмкіндігінде орындай алды. Кейіннен 2.20 метрге тапсырыс берген. Антон бірінші мүмкіндігінде-ақ сәтті секіреді.Дергачаев та қалысқан жоқ. Тек Лошкаревтің жолы болған жоқ. Алматы қаласының атлеті 2.16 метрмен шектелді. Бұйырғаны үшінші орын.

Дергачев пен Боднар 2.25 метрге секіріп көрген. Соңғы 1-2 жылда бұл биіктікті бағындырған ешкім жоқ. Осы жолы Антонның қолынан келді. Спортшы жарыстан кейін қуанышын жасырмады. Азия ойындарының алдында Боднар спорттық бабына келе бастағаны бізді де қуантты.

Қазақстан кубогының финалдық кезеңі. Биіктікке секіру.

Ерлер:

1.Антон Боднар (Шымкент) – 2.25;

2. Юрий Дергачев (Қарағанды) – 2.20;

3. Роман Лошкарев (Алматы) – 2.16.

Тізімге қайта оралу