17.05.2017

Бек Төлеуов  
142
Оның есімі – Виктория Виктория Зябкина. Фото Эдуарда Гавриша

Алматыда өткен Қазақстан кубогында сенімді ақтаған спортшылардың бірі – желаяқ Виктория Зябкина болды. Ол 200 метрге жүгіруде тамыз айында Лондонда өтетін әлем чемпионатының нормативін орындады.

Виктория сәуір айының соңында 100 метрге жүгіруден Азия Гран-прінің үш кезеңінде де жеңіске жеткен болатын. Оның жеке бапкері Любовь Никитенко бұл жолы спортшыны Қазақстан кубогында 200 метрге қатыстыруды жөн санапты.

Зябкина іріктеу кезеңінде 200 метрді 23.38 секундта жүгіріп өтті. Ал финалда бар күшін салды. Оның үстіне 24 жастағы атлетке алматылық Юлия Рахманова мен Жамбыл облысының өкілі Светлана Голендова бәсекелестік танытты. Дегенмен Виктория қарсыластарын қапы қалдырып, мәреге 22.81 секундта жетті. Сөйтіп, спортшы әлем чемпионатының нормативін артығымен орындады. Тамыз айында Лондонда өтетін әлем біріншілігінің нормативі – 23.10 секунд. Екінші орын Юлия Рахмановаға (23.51) бұйырды. Үштікте жоғарыда айтқан Светлана Голендова (23.62) бар.

Виктория өткен жылы 200 метрге жүгіруден Қазақстан рекордын жаңартқан еді. Оның көрсеткіші – 22.66. Жақын арада бұл рекорды тағы да жаңарады деп үміттенеміз.
Қазақстан кубогы

200 метрге жүгіру.Әйелдер:

1. Виктория Зябкина (Алматы) – 22.81 с
2. Юлия Рахманова (Алматы) – 23.51с
3. Светлана Голендова (Жамбыл) 23.62 с

Тізімге қайта оралу