Спорттық жүрістен әлем кубогы 2018

Есептегіш

8

Күн
Тайцанг, Қытай

Қарағандыда Вера Карпованы еске түсіруге арналған жарыс өтеді

23.10.2017

Бек Төлеуов  
214
Қарағандыда Вера Карпованы еске түсіруге арналған жарыс өтеді

3-4 қараша күні Қарағандыда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вера Карпованы еске түсіруге арналған XII республикалық матчтық кездесу өтеді.

Турнирдің салтанатты ашылу салтанаты 3 қараша күні 11:30-ға жоспарланған. Жарысқа 2004 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысады. Әрбір спорт мектебінен бір команда ғана өнер көрсетуге рұқсат етілген. Команда құрамында 12 спортшы (6 ұл, 6 қыз) және 1 жаттықтырушы мен 1 өкіл болуы тиіс.

Қыздар үш сайыстан сынға түседі. Үш сайысқа 60 метрге жүгіру, ұзындық-биіктікке секіру (таңдау бойынша), 500 метрге кросс кіреді. Нәзік жанды спортшылар арасындағы 3 қараша күні өтеді.

Ұлдардың жарыс ережесі  де дәл осылай. Тек кроссқа 600 метрге жүгіретін болады. Олардың сайысы 4 қарашаға жоспарланған.

Вера Карпова – Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Дмитрий Карповтың анасы. Тұрмысқа шыққанша тегі Ткаченко болған. 19-дүркін Қазақстан рекордсмені. 2004 жылы аса ауыр дерттен қайтыс болды.

Вера Федоровна 30 жыл бойы Қарағандыда жаттықтырушылық қызмет атқарды. Үш бала тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы – Максим Карпов ұзындыққа секіру бойынша КСРО құрамасының сапында өнер көрсеткен. Дмитрий Карпов – көпсайыстан Афины Олимпиадасының қола жүлдегері. Қызы – Анна Карпова анасының жолын қуып, жетісайыспен айналысты.2001 жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанған.  

Тізімге қайта оралу