1-ші деңгейлі TOECS курсы

Есептегіш

9

Күн
Алматы, Қазақстан

Қарағандыда алғаш рет «Арманға жол» атты жартылай марафон өтеді

24.05.2017

Бек Төлеуов  
228
Қарағандыда алғаш рет «Арманға жол» атты жартылай марафон өтеді

3 маусым күні Сарыарқаның кіңдігі Қарағанды қаласында алғаш рет «Арманға жол» атты жалпыхалықтық жартылай марафон өтеді. Оған қатысушыларды тіркеу әлі де жалғасып жатыр.

Республика даңғылының бойында орналасқан «Қарағанды Арена» мұз сарайының алдынан сағат 9.00-де бастау алатын жартылай марафонға қатысуға өтініштер www.flakar.kz сайтында қабылданып жатыр.Марафонға қатысу үшін 2 маусымға дейін тіркеліп үлгеру қажет. Қатысушылардың жасына, жынысына, азаматтығына қатысты шектеу жоқ. Кез келген ниет білдіруші сайтқа кіріп, тіркеліп, өзі үшін қашықтықты таңдай алады.

Марафонда қатысушылар жасы мен мүмкіндіктеріне қарай төрт қашықтық бойынша жүгіре алады. «Арманға жол» атты 21 шақырымды құрайтын жартылай марафонға 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатыса алады. «Спутник» деп 10 шақырымды құрайтын марафон 16 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. 5 шақырымды құрайтын «Достық» марафонына жүгіруге икемі барлардың бәріне қатысуға болады. Сондай-ақ төртінші яғни 1 шақырымды қамтитын «Балапан» марафонында 10 жасқа дейін балалар жүгіреді. Әр қашықтық бойынша алғашқы келген он адамға жүлде беріледі. «Арманға жол» марафонында бірінші келген марафоншы 300 мың теңге сыйақы алады. Марафонның жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге.

Тізімге қайта оралу