Қарағандыдағы жеңіл атлетиканың негізін қалаған Александр Кирсанов дүниеден өтті

30.11.2017

124
Қарағандыдағы жеңіл атлетиканың негізін қалаған Александр Кирсанов дүниеден өтті

28 қараша күні 89 жасында танымал қарағандылық спортшы, жаттықтырушы, ұстаз Александр Захарович Кирсанов өмірден өтті.

Александр Кирсанов өмірін жеңіл атлетикамен байланыстырған жан. Өткен ғасырдың орта тұсында әртүрлі республикалық, одақтық жарыстарға қатысты. 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден Қазақстан рекордын жаңартқан.

Спорттық карьерасын аяқтаған соң, бапкерлік қызметке ауысты. Ол Қарағанды жеңіл атлетикасын жаңа деңгейге көтерді. Жаңа технология мен әдістерді қолданды. Александр Захаровичтің арқасында Қарағанды жеңіл атлетикасы бүгінгі таңда еліміздегі ең үздік мектептердің біріне айналды.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы марқұмның отбасына, жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Александр Кирсановпен қоштасу 1 желтоқсан күні өтеді.

Тізімге қайта оралу