Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Қарағандыдағы марафонға 5 мың адам қатысты

04.06.2017

169
Қарағандыдағы марафонға 5 мың адам қатысты

3 маусым күні Қарағандыда алғаш рет «Арманға жол» атты жалпыхалықтық жартылай марафон өтті. Оған еліміздің барлық облыстары мен Ресей және Қырғызстаннан келген 5 мың адам қатысты.

Қарағанды марафонына қатысушылар жасы мен мүмкіндіктеріне қарай төрт қашықтық бойынша жүгірді. «Арманға жол» атты 21 шақырымды құрайтын жартылай марафонға 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатысты. «Спутник» деп аталатын 10 шақырымды құрайтын марафон 16 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. 5 шақырымды құрайтын «Достық» марафонына жүгіруге икемі барлардың бәріне қатысуға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ төртінші яғни 1 шақырымды қамтитын «Балапан» марафонында 10 жасқа дейін балалар жүгірді.

«Арманға жол» деп аталатын 21 шақырымды құрайтын жартылай марафонда Шығыс Қазақстан облысынан келген Андрей Лейменов жеңіске жетті. Ол бұл қашықтықты 1 сағат 15 минутта бағындырды. Екінші орынға Рио Олимпиадасының қатысушысы Михаил Красилов қол жеткізді. Әйелдерден алматылық Мария Карабицкая топ жарды. Ал 10 жасқа дейінгі балалар қатысқан «Балапан» марафонында астаналық Мирас Аханов, 5 шақырымда Василиса Фархутдинова мен Әлімжан Балтабек үздік шықты. 10 шақырымдық жүгірушілерге арналған «Спутник» марафонында Татьяна Нерознак пен Құдайберген Зейноллаевтың мерейі үстем болды.

Марафонда әрбір қашықтық бойынша алғашқы ондықта болғандардың барлығы ақшалай сыйақыға ие болды. «Балапан» марафонына қатысушылардың жеңімпазы 10 000 теңгеден алды (ұлдар мен қыздар). «Достық» марафонының жеңімпазына 50 000 теңге, «Спутник» марафонының жеңімпазына 100 000 теңгеден бұйырды. Ал «Арманға жол» марафонында бірінші келген марафоншы Андрей Лейменов 300 мың теңге сыйақы алды.

Жалпы марафонға қатысқандардың арасында Серік Сәпиев, Екатерина Аидова секілді өзге де танымал спортшылар болды.

Жарыс жеңімпаздарына сыйлықтарды облыс әкімі Ерлан Қошанов пен атақшы марафоншы Марат Жыланбаев тапсырды.

Тізімге қайта оралу