«Арманға жол 2018» жартылай марафоны: Ең қажетті ақпараттар

«Арманға жол 2018» жартылай марафоны: Ең қажетті ақпараттар

Дәстүрлі «Арманға жол 2018» марафонын Қарағанды қаласының ең басты спорттық шарасы деп айтуға болады.

Биыл 20 мамырда жүгіруге ниет білдірушілер өздерінің күштерің әр түрлі қашықтықта байқап көруге мүмкіндіктері бар. Марафонда қатысушылар жасы мен мүмкіндіктеріне қарай төрт қашықтық бойынша жүгіре алады: «Арманға жол» (21 шақырым), «Спутник» (14 шақырым), «Достық» (7 шақырым), «Балапан» (2 шақырым).

Қатысушыларға берілетін бастапқы пакет

Үш қашықтық бойынша барлық қатысушылар бастапқы пакеттер беріледі:

  • Электрондық чипі бар бастапқы пакеттер

Бастапқы пакеттерді тарату – 2018 жылдың 19 мамыр күні мына мекенжай бойынша:Қарағанды қаласы, Н. Әбдіров атындағы спорт сарайы (Бұқар Жырау 53 көшесі, 2 қабат).

Жұмыс уақыты: 9:00-дан 20:00-ге дейін.

Бастапқы пакеттерді алу үшін:

Бастапқы пакеттерді басқалардың алып кетуіне болады, тек сол адамның құжатының көшірмесі болған жағдайда.

Осы уақыт аралығында қосымша тіркеуден өтуге және бастапқы жарнаны төлеуге мүмкіндік бар.

! Қарағандыдағы жартылай марафон өткізетін тас жол қатысушылардың спорттық норматив орындауға мүмкіндік береді.

Барлық қатысушыларға алғыс хат, естелік медаль және орын алғандарға ақшалай сыйақы беріледі.  Марафонға тіркелудің жарнасы:

·         «Арманға жол» –2000 теңге;

·         «Спутник» – тегін;

·         «Достық» – тегін;

·         «Балапан» – тегін.

Назар аударыңыз! 

– «Арманға жол» атты 21 шақырым 97,5 метрді құрайтын жартылай марафонға 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатыса алады;

–  «Достық» деп аталатын 14 шақырымды құрайтын марафонға жасөспірімдер және 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер де қатыса алады;

–  7 шақырымды құрайтын «Спутник» марафонына жүгіруге икемі барлардың бәріне қатысуға болады;

–  «Балапан» марафонында 8-14 жас аралығындағы балалар жүгіреді.

Қатысушыларға арналған гид

 Жартылай марафонның уақыты мен өткізілетін орны

Қарағанды қ. - 20 мамыр 2018 ж.,  8:00-ден 12:00-ге дейін.

Старт және мәре: Тәуелсіздік алаңы

Марафонға тіркелген қатысушы міндетті түрді бастапқы пакеттегі нөмірді жейдесіне жапсыруы тиіс. Бастапқы нөмір кеудеде тұруы керек. Электрондық чип нөмірге жабыстырылып, қорғаныс ақ жолақтармен жабылған.Бұл жолақтарды ешқандай жағдайда бүлдіруге БОЛМАЙДЫ!

Сонымен қатар, бастапқы нөмір ұйымдастырушылар, еріктілер, төрешілерге көрінетіндей ҮНЕМІ ашық болуы тиіс.

Әрбір қашықтық бойынша қатысушылардың келу уақытының лимиті:

  • 21 шақырым 97,5м - 3 сағат.
  • 14 шақырым – 2 сағат 30 минут
  • 7 шақырым – 1 сағат 30 минут

Қатысушы маршрут учаскелерін жабуды бақылау уақытында ұстамаған жағдайда, жолдың ережелеріне сәйкес тротуар бойымен қозғалуды жалғастыруы керек.

Қарағандыдағы жартылай марафоны барлық талаптарды қанағаттындыратын толыққанды спорттық жарыс.

Бірінші кезекте «Арманға жол 2018» IAAF сертификатына ие болған.

Жартылай марафонға төрешілер корпусы қызмет етеді (Жоғары дәрежелі ұлттық төрешілер),
Электрондық хронометраж. 

! Қарағандыдағы жартылай марафон өткізетін тас жол қатысушылардың спорттық норматив орындауға мүмкіндік береді.

Барлық қатысушыларға алғыс хат, естелік медаль және орын алғандарға ақшалай сыйақы беріледі. 

Тізімге қайта оралу