«Арманға жол-2018» жартылай марфонының жеңімпаздары анықталды ekaraganda.kz

«Арманға жол-2018» жартылай марфонының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Қарағанды қаласында «Арманға жол» дәстүрлі жартылай марафоны өтті. Жарыс жолына Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның үздік атлеттері қатысты.

Жартылай марафонда Беларусь елінен келген Владислав Прямов чемпион атанды. Ол былтырғы жылы Астанадағы ШЫҰ марафонында екінші орын алған. Күміс жүлде украиналық Богдан Городицкийге бұйырса, қоланы қырғыз Әділет Қыштақбеков еншіледі. Әділет Қытайда өткен ШЫҰ марафонда топ жарған спортшы.

Әйелдерден 21 шақырым 97,5 метрге жүгіруде қырғызстандық Виктория Полюдинаға тең келер ешкім болмады. Екінші және үшінші орынды украиналық Евгения Прокофьева мен Виктория Хапилина өзара бөлісті.

Бәсекелестіктің жоғары болғаны соншалық, Астанадағы ШЫҰ марафонында күміс медаль еншілеген Марина Хмелевская (Өзбекстан), сол жарыста үшінші келген Илья Илья Тяпкин (Қырғызстан) бұл жолы жүлдесіз қалды.

Еліміздің үздік марафоншылары Михаил Красилов (Жамбыл облысы) пен Андрей Лейменов (ШҚО) алтыншы-жетінші орындардан көрінді.

Қыздардан Жанна Мамажанова (Алматы) мен Ольга Богомольская (Павлодар облысы) бесінші-алтыншы орындарды бөлісті.

Тізімге қайта оралу