Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

7

Күн
Дунгань, Қытай

"Арманға жол" марафонына еліміздің танымал атлеттері де қатысады

30.05.2017

Бек Төлеуов  
147
"Арманға жол" марафонына еліміздің танымал атлеттері де қатысады Михаил Красилов

Алдағы сенбі, яғни 3 маусым күні Қарағанды қаласында алғаш рет «Арманға жол» атты жалпыхалықтық жартылай марафон өтеді. Қазіргі кезде 1000-нан астам қатысушы өтініш беріп үлгерген.

Қарағандыдағы марафонға ұзақ қашықтыққа жүгіріп жүрген Андрей Лейменов, Ирина Смольникова, Михаил Красилов секілді еліміздің үздік атлеттері де қатысады. Өтініш бергендердің ішінде ең егдесі 79 жастағы қарағандылық ақсақал екен. Ол кісі 5 шақырымға жүгіреді.

Марафонға тіркеу 2 маусым аяқталады. Қарағанды облыстық жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Дмитрий Карповтың айтуынша қазіргі кезде 1200 адам қатысуға өтініш берген. Сарыарқа төрінде осы марафонның өтуіне Афины Олимпиадасының қола жүлдегері ерекше ат салысып жүр.

– Бізде жалпы алғанда бәрі дайын. Қазіргі кезде қатысушыларды тіркеу жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 1200 адам өтініш беріп үлгерді. 2 маусымға дейін өтініш беруге мүмкіндік бар. Алғаш рет өткізіп жатқандықтан ұйымдастыру жағынан көптеген қиындықтар болады. Бірақ біз бәрін шешіп жатырмыз. Серіктестеріміз, демеушілеріміз де бар. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақы үлестіріледі, – дейді Дмитрий Карпов.

Марафон 3 маусым күні қаладағы Республика даңғылының бойында орналасқан «Қарағанды Арена» мұз сарайының алдынан сағат 9.00-де басталады. Марафонда қатысушылар жасы мен мүмкіндіктеріне қарай төрт қашықтық бойынша жүгіре алады. Әр қашықтық бойынша алғашқы келген он адамға жүлде беріледі. «Арманға жол» марафонында бірінші келген марафоншы 300 мың теңге сыйақы алады. Марафонның жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге.

Тізімге қайта оралу