Ертең Вера Карпованы еске түсіруге арналған республикалық матчтық кездесу басталады

02.11.2017

241
Ертең Вера Карпованы еске түсіруге арналған республикалық матчтық кездесу басталады

3-4 қараша күні Қарағандыда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вера Карпованы еске түсіруге арналған XII республикалық матчтық кездесу өтеді.

Турнирдің салтанатты ашылу салтанаты 3 қараша күні 11:30-ға жоспарланған. Жарысқа 2004 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысады. Әрбір спорт мектебінен бір команда ғана өнер көрсетуге рұқсат етілген. Команда құрамында 12 спортшы (6 ұл, 6 қыз) және 1 жаттықтырушы мен 1 өкіл болуы тиіс.

Осы жарысты ұйымдастырып жүрген ұлы Дмитрий Карповтың айтуынша, матчтық кездесуге 160 жас спортшы қатысады. Олар Қазақстанның алты аймағынан келеді. Атап айтсақ, Қарағанды, Ақмола, ШҚО, Алматы, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, медальдар және алғыс хаттар табысталады.

Вера Карпова – Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Дмитрий Карповтың анасы. Тұрмысқа шыққанша тегі Ткаченко болған. 19-дүркін Қазақстан рекордсмені. 2004 жылы аса ауыр дерттен қайтыс болды.

Вера Федоровна 30 жыл бойы Қарағандыда жаттықтырушылық қызмет атқарды. Үш бала тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы – Максим Карпов ұзындыққа секіру бойынша КСРО құрамасының сапында өнер көрсеткен. Дмитрий Карпов – көпсайыстан Афины Олимпиадасының қола жүлдегері. Қызы – Анна Карпова анасының жолын қуып, жетісайыспен айналысты.2001 жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанған.  

Жарыс кестесі:

3 қараша

Қыздар

11.30 – Ашылу салтанаты

12.00 – 60 метрге жүгіру

12.40 – Ұзындыққа секіру, 1-топ

13.15 – Биіктікке секіру

13.40 – Ұзындыққа секіру, 2-топ

14.40 – 500 метрлік кросс

 15.45 – Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау

4 қараша

Ұлдар

 11.00 – 60 метрге жүгіру

11.40 – Ұзындыққа секіру, 1-топ

12.15 – Биіктікке секіру

12.40 – Ұзындыққа секіру, 2-топ

13.40 –  500 метрлік кросс

14.45- Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау.

Тізімге қайта оралу