Артур Гафнер қашан бабына енеді?

31.03.2018

89
Артур Гафнер қашан бабына енеді?

Шымкентте өткен қысқы Қазақстан чемпионатында найза лақтырудан «Altay Athletics» клубының мүшелері Артур Гафнер мен Варвара жеңіске жетті.

Ерлер арасында елімізде Артур Гафнер бәсекелес жоқ. Шығыс Қазақстан облысының спортшсы 26 наурызда Белектегі оқу-жаттығу жиынынан оралды. Ел чемпионатында ол 6 мүмкіндіктің барлығын пайдаланды: біріншісі – 47.02; екіншісі – 49.18; үшіншісі– 48.15; төртіншісі – 53.41; бесіншісі – саналмады; алтыншысы – 49.76.

Былтыр қысқы чемпионатта Гафнер 63.54 метрге лақтырған. Ал 2017 жылы 14 мамырда өткен Қазақстан кубогында 71.88 метрге жеткізгені бар. 19 жастағы спортшы бұл жолы 53 метрмен шектелгені күмән тудырды. Артурдың потенциалы жоғары екенін мамандар жиі айтады. Бәлкім спорттық бабына толық енбеген болар?

Екінші орын Антон Боднарға бұйырды (52.92 м). Үштікте Ербол Қаленов бар (51.78 м). Есесіне, 1999-2000 жылғы туған жастар арасында Рустам Турданиязов жеңіске жетіп, екінші разрядтың нормативін орындады.

Әйелдерден 20 жастағы Варвара Назарова үздік шықты. «Altay Athletics» клубының мүшесі ақпан және наурыз айларында Таиландта жаттығып келген болатын. Оның Шымкенттегі алты мүмкіндіктегі нәтижесі мынандай: біріншісі – 46.42; екіншісі – 48.19; үшіншісі – 47.47; төртіншісі – 46.74; бесіншісі – 48.28; алтыншыс – 48.00.

Екінші орынға Әсия Рабаева тұрақтады. Маңғыстаулық атлет жарысты 44.96 метрмен аяқтады. Үшінші орынға ие тағы бір Маңғыстау спортшысы, көпсайысшы Надежда Кирнос ие болды (31.90 м).

Қысқы Қазақстан чемпионаты. Шымкент, 30 наурыз.  Найза лақтыру.

Ерлер:

1.  Артур Гафнер (ШҚО) – 53.41;        

2.  Антон Боднар (ОҚО) – 52.92;

3. Ербол Қаленов (ШҚО) – 51.78.

Әйелдер:

1. Варвара Назарова (ШҚО) – 48.28

2. Әсия Рабаева (Маңғыстау) – 44.96

3. Надежда Кирнос  – 31.90.

Жастар:

1. Рустам Турданиязов (ОҚО) – 54.94;

2. Евгений Сяськов (Қарағанды обл.) – 49.22;

3.  Иван Товченик (Алматы) – 45.02.

Тізімге қайта оралу