Артур Гафнер Азия чемпионатында жүлдеге ілікпеді
198

Артур Гафнер Азия чемпионатында жүлдеге ілікпеді

Үндістан Бхубанешвар қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық найза лақтырушы Артур Гафнер жүлделі орыннан көріне алмады.

Артур Азия чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Ол өзінің құрлық біріншілігінде дебюттік жарысында 15-ші орын алды. Гафнер бұл жолы 63,59 метрге лақтырды.

Бұл сында жергілікті спортшы үндістандық Нирадж Чопра чемпион атанды. Ол өз кезегінде 85,23 метрға лақтырды. Екінші орынды  Ахмед Ба (Катар) еншіледі. Үздік үштікті тағы бір үндістандық Давиндер Сингх қорытындылады.

Азия чемпионаты. Бхубанешвар,Үндістан.

Найза лақтыру, ерлер:

1.    Нирадж Чопра (Үндістан) – 85,23 м

2.    Ахмед Ба (Катар) – 83,70 м

3.    Давиндер Сингх (Үндістан) – 83,29 м

… 15. Артур Гафнер (Қазақстан) – 63,59 м

Тізімге қайта оралу