Жартылай марафоннан әлем чемпионаты: Үздіктердің бәрі жарыс жолында
133

Жартылай марафоннан әлем чемпионаты: Үздіктердің бәрі жарыс жолында

Бүгін Испанияның Валенсия қаласында жартылай марафоннан әлем чемпионаты өтеді.

23-әлем чемпионатын ұйымдастыру комитеті жарысқа қатысатын нақты тізімді жариялады. Хаттамада 8 қазақстандық атлет тіркелген. Жалпы, жарыс жолына 282 желаяқ шығады. Оның ішінде 160 ер,122 әйел спортшы бар. Олар 82 елдің намысын қорғайды. Мұндай қатысушы бұрын-сонды әлем чемпионатында болмаған. 1993 жылғы чемпионатта 254 спортшы қатысқан еді.

Біздің елдің спортшылары чемпионат алдында бастапқы нөмірлерін алды. Әмір Байтоқанов ­– 110, Алексей Гусаров – 111, Артем Косинов – 112, Михаил Красилов – 113, Андрей Лейменов – 114, Дана Айдосова – 283, Жанна Мамажанова – 284, Елена Наназиашвили – 285.

 

Тізімге қайта оралу