Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Қарағандыдағы «Арманға жол» марафоны AIMS сертификатын алды

13.09.2017

113
Қарағандыдағы «Арманға жол» марафоны AIMS сертификатын алды

Биылғы жылы 3 маусымда алғаш рет Қарағандыда «Арманға жол» атты жартылай марафон ұйымдастырылған болатын. Жақында осы марафон өткізілген тас жол халықаралық сертификатқа ие болды.

Қарағандыға Халықаралық марафондар мен қашықтыққа жүгіру қауымдастығының (AIMS) мамандары испаниялық  Мигель Анхель мен Хорхе Рамон келді. Оларды көпсайыстан Афины Олимпиадасының қола жүлдегері, Қарағанды облыстық жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Дмитрий Карпов және жол сақшылары алып жүрді.


8 сағат бойы Мигель Анхел мен Рамон Хорке Қарағандыдағы жартылай марафон өтетін 21, 0975 шақырымдық тас жолды тексеріп, өлшеп шықты.

– Салауатты өмір салтын насихаттау біздің елде қарқын алып келеді. Жастар  қазір спортқа көңіл бөле бастады. Мыңдаған адам марафонға жүгіруге ынталы. ҚР жеңіл атлетика федерациясының қолдауының арқасында Қарағандыдағы «Арманға жол 2018» марафоны халықаралық статусқа ие болып отыр. Енді стартқа кез келген адамға шығуына болады, –дейді Дмитрий Карпов.

Енді келесі «Арманға жол» марафонының барлық нәтижелері есепке алынып, IAAF-қа тіркелетін болады.

Тізімге қайта оралу