Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана марафонында неліктен 10 шақырымға жүгіретінін айтты
254

Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана марафонында неліктен 10 шақырымға жүгіретінін айтты

Ертең яғни 27 тамызда елімізде ғана емес, ТМД және Орта Азиядағы ең ауқымды кәсіпқой марафоны өтеді. Осыған байланысты бүгін Астанада қорытынды баспасөз мәслихаты өтіп, Ұйымдастырушылар комитеті дайындықтың соңғы жаңалықтарымен бөлісті.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана марафонына қатысатындардың арасында жоғары қызметтерде жүрген министрлер, комитет төрағалары бар екенін атап өтті.

– 42 шақырым 195 метрге жүгіретіндердің арасында ҚР Приздент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрімов Мәсімов бар. Ал мен 10 шақырымға жүгіремін. Негізі басында 42 шақырымға тіркелген болатынмын. Бірақ министр ретінде қонақтарды күту, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысуым керек. Сондықтан 10 шақырымға ауыстым. Бұл қашықтықта менімен бірге Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жүгіреді, – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, марафонды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек, ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 07:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды.  

Тізімге қайта оралу