Жазғы Азия ойындары 2018

Есептегіш

7

Күн
Джакарта, Индонезия
Қосанов Мемориалында көрермендер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады
Бек Төлеуов  
293

Қосанов Мемориалында көрермендер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады

Жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов Мемориалы биыл 24-25 маусым күні Алматыда өтеді. Осымен 27-ші рет ұйымдастырылатын жарыста көрермендер арасында ұтыс ойындары ойнатылады.

Стадионға келген әрбір көрермен немесе жанкүйер (Мемориалға кіру тегін) лотериялық арнайы билет алады. Сол билеттер бойынша кейін ұтыс ойындары ойнатылады. Басты сыйлық – Iphone телефоны. Сондай-ақ теледидар, планшет, шаңсорғыш және т.б бағалы сыйлықтар болады. Сыйлыққа берілетін жүлделер демеушілер мен ұйымдастырушылар тарапынан беріледі. Одан бөлек ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті турнирдің үздік екі спортшысына арнайы сыйлық тағайындап отыр.

Айта кетейік, Ғұсман Қосанов Мемориалына 2017 жылы Қазақстан спортшыларынан бөлек, Үндістан, Иран, Бахрейн, Сирия, Малайзия, Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина және Кения спортшылары қатысады.

Тізімге қайта оралу