Қосанов Мемориалы: Аделина Ахметовағаға соңғы тосқауыл кедергі келтірді Фото Константин Князевич
89

Қосанов Мемориалы: Аделина Ахметовағаға соңғы тосқауыл кедергі келтірді

Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда жеңіл атлетикадан халықаралық «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалының» алғашқы жарыс күні аяқталды. 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден ерлер арасында Дмитрий Коблов, әйелдер арасында Светлана Кузнецова жеңіке жетті.

Қызық болғанда, әйелдер арасындағы сайыста көш бастап келе жатқан қарағандылық Аделина Ахметова соңғы тосқауылдан секірген кезде теп-теңдікті ұстай алмай, құлап қалды. Нәтижесінде тәжірбиелі Солтүстік Қазақстан спортшысы Светлана Кузнецова бұл мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ.

Ерлерден Түркістан облысының спортшысы Дмитрий Коблов үздік шықты  (51.22 сек.). Ирандық Реза Малекпур екінші келсе, қоланы Александр Пудовинников еншіледі.

29 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру.

Әйелдер:

1. Светлана Кузнецова (Қазақстан) – 59.64 сек

2. Кристина Пронженко (Тәжікстан) – 1:02.42 мин.

3. Вероника Брославская (Қазақстан) – 1:04.01 мин.

Ерлер

1. Дмитрий Коблов (Қазақстан) – 51.22 сек.

2. Реза Малекпур (Иран) – 52.32 сек.

3. Александр Пудовинников (Қазақстан) – 52.48 сек. 

Тізімге қайта оралу