Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

2

Күн
Дунгань, Қытай

Қосанов мемориалы: Биіктікке секіруде қонақтарды сыйладық

26.06.2017

131
Қосанов мемориалы: Биіктікке секіруде қонақтарды сыйладық Регина Қайсарова. Фото - Эдуард Гавриш

Екі күнге созылған жеңіл атлетикадан дәстүрлі Ғұсман Қосанов мемориалының биіктікке секіру бағдарламасында бас жүлдені ерлерден ирандық Кейван Ганбар еншілесе, қыздардан өзбекстандық 19 жасар ару Сафина Садуллаева жеңіп алды.

Ерлерден басты бәсекелестік Ганбар мен қазақстандық 20 жасар атлет Роман Лошкарев арасында өрбіді. Осыдан он күн бұрын өткен ел чемпионатында Рома 2.16 метрге секіріп, бірінші орынды иемденген болатын. Бұл жолы екі сантиметрге артық секірді. Негізі Кейван Ганбардың да көрсеткіші – 2.18. Алайда, ирандық бірінші мүмкіндігінде-ақ осы биіктікті бағындырса, Лошкарев тек үшінші талпынысында ғана әлгі межені ырқына көндірді. Ал 2.22 метрге екеуінің де шамасы жетпеді.

Биіктікке секіру (ерлер):

1. Кейван Ганбар (Иран) – 2.18 метр

2. Роман Лошкарев (Қазақстан) – 2.18

3. Хусниддин Зарипов (Тәжікстан) – 2.05

Қыздардан Өзбкестан атлеті Сафина Садуллаева алдымен 1.70 метрден бастап, 1.85 метрге дейін секірді. Ал қазақстандық 19 жасар ару Надежда Дубовицкая 1.80 метрмен тоқтады. Үшінші орын тағы бір отандасымыз 24 жастағы Регина Қайсарованың еншісінде. 

Биіктікке секіру (қыздар):

1. Сафина Садуллаева (Өзбекстан) – 1.85 метр

2. Надежда Дубовицкая (Қазақстан) – 1.80

3. Регина Қайсарова (Қазақстан) – 1.75

Тізімге қайта оралу