Қосанов Мемориалы: Каролин Кипкируи 1500 метрге жүгіруден ешкімге дес бермеді Фото Константин Князевич
72

Қосанов Мемориалы: Каролин Кипкируи 1500 метрге жүгіруден ешкімге дес бермеді

Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда жеңіл атлетикадан халықаралық «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы» басталды. Әйелдер арасында 1500 метрге жүгіруден Altay athletics клубының кениялық атлеті Каролин Кипкируи ешкімге мүмкіндік қалдырған жоқ.

Бір жарым шақырымға жүгірген спортшылардың қай қайсысы болмасын осал емес. Каролин Кипкируи – 4 мамырда Катар астанасы Доха қаласында өткен «Гауһар лиганың» бірінші кезеңінде 3000 метрге жүгіруден чемпион атанған спортшы. Қырғызстан елінің өкілі Гүлшаной Сатарова былтырғы жылы осы турнирде жеңіске жеткен. Өзіміздің қостанайлық спортшы Татьяна Нерознак 2018 жылы жабық кешендегі Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Осындай мықтылардың бәсекесінде Кипкируиге тең келер ешкім болмады. Ол 1500 метрді Кипкируи 4:13.21 минутта жүгіріп өтті. Екінші орындағы Сатаровдан одан 15 секундқа қалып қойды. Үштікті өзбекстандық 20 жастағы атлет Екатерина Тунгускова қорытындылады. Өкіншке қарай, отандасымыз Нерознак төртінші орынды қанағат тұтты.

29 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 1500 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1. Каролин Кипкируи (Кения) – 4:13.21

2. Гүлшаной Сатарова (Қырғызстан) – 4:28.94

3. Екатерина Тунгускова (Өзбекстан) – 4:29.47.

Тізімге қайта оралу