Қосанов Мемориалы: Диискоболдардың алтыны өзімізде қалды Константин Князевич

Қосанов Мемориалы: Диискоболдардың алтыны өзімізде қалды

Алматыда өткен дәстүрлі XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалында диск лақтырудың екі алтыны да қазақстандық спортшыларға бұйырды.

Диск, найза, балға лақтыру сайыстары биыл «Алматы-Арена» стадионында өтті. Әйелдерден отандасымыз Мария Телушкинаға ешкім бәсекелес бола алмады. Өзбекстаннан келген Светлана Прошкина мен Жұмагүл Парпиева екінші және үшінші орынмен шектелді.

Мария бұл жолы әрбір мүмкіндігінде 50 метрден кем түскен жоқ. Ал қарсыластары жерлесімізге жақындай алмады. Телушкинаның үздік көрсеткіші – 54.72 метр. ­

Ерлер арасындағы сайысқа 9 қатысушы тіркелген. Бірақ түркіменстандық Мақсат Маммедов пен қазақстандық Андрей Набоков жарыс жолына шыққан жоқ.Өзге жеті қатысушының алтауының алғашқы мүмкіндіктері сәтсіз болды.  Тек қазақстандық Александра Касьянов 30.16 метрге лақтыра алды. Жеңімпаз атанған Александр Мамонтов алты мүмкіндігінің тек екеуін тиімді пайдаланды. Соның ішінде 50.54 метрлік көрсеткіші чемпион атануға жеткілікті болды. Екінші және үшінші орынды өзбекстандық Сергей Дементьев пен Иван Маркелов өзара бөлісті.

30 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. Диск лақтыру.

Әйелдер:

1. Мария Телушкина (Қазақстан) – 54.72 м

2. Светлана Прошкина (Өзбекстан) – 42.04 м

3. Жұмагүл Парпиева (Өзбекстан) – 39.18 м

Ерлер:

1. Александр Мамонтов (Қазақстан) – 50.54 м

2. Сергей Дементьев (Өзбекстан) – 49.00 м

3. Иван Маркелов (Өзбекстан) – 45.76 м

Бұдан кейін балға лақтыру сайысы өтті. Әйелдер арасындағы бас жүлдені төрт спортшы сарапқа салса, ерлер арасында чемпиондыққа үш атлет таласты. Қыздардан қазақстандық Диана Нүсіпбекова екінші жыл қатарынан жеңісті ешкімге берген жоқ. Алматылық спортшы былтыр осы турнирдің рекордын жаңартқан.

Ерлер арасындағы сайыстың үздігі болып 27 жастағы түркіменстандық атлет Мерген Маммедов танылды. Ол әрбір мүмкіндігінде 70 метрден төмен түскен жоқ. Ең жоғары нәтижесі – 73.48 метр. Тәжік Абдурауф Мусоев пен өзбек Жалохон Тиловолдохуджаев чемпионнан 15 метрге қалып қойды.

Балға лақтыру, әйелдер:

1. Диана Нүсіпбекова (Қазақстан) – 56.10 м

2. Анастасия Асланиду (Өзбекстан) – 55.44 м

3. Дарья Кашинова (Өзбекстан) – 51.21 м

Балға лақтыру, ерлер:

1. Мерген Маммедов (Туркменистан) – 73.48 м

2. Абдурауф Мусоев (Таджикистан) – 58.60 м

3. Жалохон Тиловолдохуджаев (Өзбекстан) – 58.10 м 

Найза лақтырудан екі алтында Өзбекстанға кетті. Әйелдерден ең алысқа лақтырған Самобар Эркинова болды (49.36 метр). Одан 2 метрге келіп қойған түркімен қызы Дженнет Мухамова мен жерлесіміз Варвара Назарова екінші және үшінші орынға қол жеткізді.  

Ерлерден бас жүлдені   Аким Дементьев (63.65 м) жеңіп алды. Күмісті Иран спортшы Йонес Юсефванд (63.57 м) еншілесе, үштікті 18 жастағы қазақстандық  Евгений Сясков (51.42 м) қорытындылады.

Найза лақтыру, әйелдер:

1. Самобар Эркинова (Өзбекстан) – 49.36 м

2. Дженнет Мухамова (Түркіменстан) – 46.97 м

3. Варвара Назарова (Қазақстан) – 46.65 м

Найза лақтыру, ерлер:

1. Аким Дементьев (Өзбекстан) – 63.65 м

2. Йонес Юсефванд (Иран) – 63.57 м

3. Евгений Сясков (Қазақстан) – 51.42 м

Тізімге қайта оралу