Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Қосанов мемориалы: Эстафетадан ешкімге дес бермедік

25.06.2017

Бек Төлеуов  
133
Қосанов мемориалы: Эстафетадан ешкімге дес бермедік Қосанов мемориалы: Эстафетадан ешкімге дес бермедік

Алматыда өткен Ғұсман Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан халықаралық мемориалдың алғашқы күнінде 100 метрге жүгіру бойынша командалық эстафетадан Қазақстанның ерлер және қыздар құрамасы да топ жарды.

Осымен XXVII рет ұйымдастырылған жарыстың бірінші күнінде 4х100 метрге жүгіру бойынша әйелдер арасындағы командалық эстафетадан Қазақстанның намысын еліміздің үздік спринтерлері Рима Кашафутдинова, Виктория Зябкина, Светлана Голендова және Ольга Сафронова қорғады.

Біздің қыздар мәреге сенімді түрде бірінші келді. Жерлестеріміз екінші орындағы Үндістан құрамасынан 2,5 секундқа озып кетті. Қазақстанның жалпы уақыты – 43,03 секунд. Былтырғы жылғы рекордтан 0,11 секундқа ғана төмен болды. Негізі ауа райының аздаған қолайсыздығы болмағанда, көрсеткіш бұдан да да жақсы болар еді...

Ерлерден Қазақстан құрамасы сапында Рахат Мағзамов, Александр Русак, Дамил Сутжанов, Сергей Русак жүгірді. Жігіттер де, екінші орындағы қырғыздарға еш мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, бірінші орынды қанжығаларына майлады.

24  маусым. Әйелдер. 4х100 метр эстафета.

1.     Қазақстан-1 – 43,03 сек.

2.     Үндістан – 45,41 сек.

3. Қазахстан-2 (Роксана Оспанова, Александра Мищенко, Валентина Степанковская, Анастасия Шемпель) – 46,77 сек.

24 маусым, Ерлер.  4х100 метр эстафета.

1.     Казақстан – 41,28 сек.

2.     Қырғызстан – 42,05 сек.

3.     Өзбекстан – 42,27 сек.

Тізімге қайта оралу