Қосанов Мемориалы: Әйгерім Шыназбекова былтырғы есесін қайтарды Фото Константин Князевич

Қосанов Мемориалы: Әйгерім Шыназбекова былтырғы есесін қайтарды

Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда жеңіл атлетикадан халықаралық «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы» басталды. Әйелдер арасында 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден Әйгерім Шыназбекова жеңіске жетті.

Бұл жолы да ататлған сайыстың негізгі бәсекелестігі тәжірибелі Анастасия Виноградова мен 2018 жылғы жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы Әйгерім Шыназбекова арасында өрбіді. Өткен жылы бұл мемориалда Виноградованың жолы болған. Бұл жолы керсінше. Әйгерім аталған қашықтықты 13.55 секундта жүгіріп өтіп, қарсыласынан басым түсті. Настя екінші орынды қанағат тұтты (13.69).Үштікте өзбекстандық Валентина Кибальникова бар (13.73).

29 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру.

Әйелдер:

1. Әйгерім Шыназбекова (Қазақстан) – 13.55 сек.

2. Анастасия Виноградова (Қазақстан) – 13.69

3. Валентина Кибальникова (Өзбекстан) – 13.73.

Ал ерлер арасындағы 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден 2018 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Давид Ефремов жеңіске жетті. 19 жастағы қарағандылық атлет алғашында былтырғы жеңімпаз ирандық Милад Сайардан қалып келе жатқан. Бірақ мәреге жақындаған тұста қарқынын үдетіп, Рахиб Маммедов (Әзірбайжан) екеуінен озып кетті. 

29 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру.

Ерлер:

1. Давид Ефремов (Казахстан) – 14.15 сек.

2. Рахиб Маммедов (Азербайджан) – 14.22

3. Милад Сайар (Иран) – 14.23.

Тізімге қайта оралу